Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әбдіжаппар Әлқожа: «Аталарымыз қазақтан қыз алып, қанымыз бұзылды»

Әбдіжаппар Әлқожа: «Аталарымыз қазақтан қыз алып, қанымыз бұзылды»

Әбдіжаппар Әлқожа "31" арнаның "Өнер мен өмір" бағдарламасында қожалар жайлы ел арасында айтыла бермейтін жайттарды атап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ. 
Әншінің сөзінше, қазіргі уақытта қожалардың көп жігіттері әйелді қарадан алып жатыр.
"Қазір қожалардың көп жігіттері қарадан қыз алып жатыр. Бірақ, менің ағаларымның бәрі қожадан қыз алған. Біздің әулетте тек Роза әпкем ғана албан жігітіне тұрмысқа шықты. Қалған екі әпкем қожаға тұрмысқа шықты", - дейді Әбдіжаппар Әлқожа.
Сондай-ақ әнші қожалардан кезінде мықты ишандар шыққанын жасырмай айтып берді.
"Түбі арабтан шыққаннан кейін ишан деген нәрсе, үлкен сопылардан кейінгі мұсылманның дәрежесі. Ілімнің, білімнің дәрежесі. Ишандар тек қожалардан шығады. Сопылар да сондай. Қазақтан шыққанды молда деп айтады. Пір бекет бар қазақтан шыққан.
Қалғанының бәрі қожадан шыққан. Арыстан баб пен шәкірті Қожа Ахмет Иассауи де қожадан шыққан. Ишандар бір құран мен сүрені айтқанда, жынын суырып алатын болған. Ондайлар қазір жоқ. Соның азайып кетуі. Аталарымыз үш жүзден, қазақтан алып қойды. Сөйтіп қан бұзылды. Егер қазақтан араласқан болса, олардан ишан шығу қиын", - дейді Әбдіжаппар Әлқожа.
Сондай-ақ бағдарлама жүргізушісі Әбдіжаппардың әйелінің руы жайлы әңгіме өрбіткенде, әнші сұраққа жауап беруден бас тартты.
31 наурыз 2019 ж. 706 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области