Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қарапайым заттар экономикасы»:Қызылордада 2 жоба мақұлданды

«Қарапайым заттар экономикасы»:Қызылордада 2 жоба мақұлданды

Kyzylorda-News.kz. «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бойынша бағдарлама әзірленіп, бағдарламаның іске асырылуына жәрдемдесу мақсатында Кәсіпкерлер палатасы жанында Жобалық кеңсе құрылған.Жобалық кеңсе құрамына Кәсіпкерлер палатасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм, индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармалары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, екінші деңгейлі банк филиалдарының басшылары енген.
«Бүгінгі күні жобалық кеңсе мүшелері кәсіпкерлер арасында кең көлемді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. «Даму» қорымен бірлесіп, Палатаның алаңында осы бағдарламаның іске асырылуына тікелей жауапты қалалық және аудандық кәсіпкерлік бөлімдері, Палатаның филиал басшылары, екінші деңгейлі банк өкілдеріне арнайы семинар ұйымдастырылды. Бағдарламада басымдық берілген жобалар азық-түлік, жиһаз, жеңіл өнеркәсіптері және құрылыс тауарларын шығаруды қамтығандықтан, осы салалардың 200-ге жуық кәсіпкерінің қатысуымен төрт кездесу өткізілді. Жалпы құны 8,3 млрд.теңгені құрайтын 90 жоба бар. Оның ішінде қазірдің өзінде 2 жоба мақұлданғанды», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.
Мұнан өзге, бүгінде 5 жоба банктің қарауында, 21 жобаның құжаттары жинақталып, 58 жоба бойынша келісімдер жүргізілуде.
«Бүгінгі күнге дейін қала кәсіпкерлері белсенділік танытып келген болса, енді аудан кәсіпкерлері қосылып жатыр. Жалпы, кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғары. Мысалы, киім сатумен айналысатын кәсіпкер киім тігу, мал сою пунктісі бар кәсіпкер мал бордақылау, мал асырайтын кәсіпкер етті қайта өндеумен айналысуға ынталы», - дейді Ғалымбек Жақсылықов.
Айта кету керек, «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын облыста іске асыруға 7 банктің филиалы қатысуда. Олар: Халық банк, Сбербанк, АТФ Банк, ForteBank, ЦентрКредитБанкі, Цеснабанк, Еуразиялық Банк.
19 сәуір 2019 ж. 707 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области