Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жатақхана бойынша қымбат ЖСҚ әзірлеуді тоқтатуды сұраймыз - Күләш Шәмшидинова

Жатақхана бойынша қымбат ЖСҚ әзірлеуді тоқтатуды сұраймыз - Күләш Шәмшидинова

Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жатақхана құрылысы бойынша жоспарды орындау үшін Үкіметке бірқатар шара ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың наурыз айында 75 мың орындық студент жатақханаларын салуды тапсырды. Өткен жылдың өзінде оқу орындары мен жергілікті бюджет есебінен 3 мыңнан астам орын енгізілді. Осы жобаға жеке инвесторларды кеңінен тарту мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге мемлекеттік-жекешелік әріптестікке негізделген арнайы механизм жүзеге асырылуда. Нормативтік-құқықтық база қалыптастырылып, қаржы көлемі бекітілді. Жатақхана құрылысымен айналысатын кәсіпкерлерге инженерлік-коммуникациялары дайын жер телімдері беріліп, банктік несиенің 7 пайызы мемлекет есебінен субсидияланады», - дейді Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет отырысында.
Күләш Шәмшидинованың айтуынша, жатақхана құрылысына қойылатын талаптар жеңілдетілген.
«Бұл шаралар инвесторлардың шығындарын қысқартып, құрылыстың жалпы құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Жатақхана қолданысқа берілгеннен кейін оның иесіне 8 жыл қатарынан мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын болады. Сонымен бірге, инвестордың осы ғимаратта асхана, жаттығу залы және өзге де тұрмыстық қызметтерді орналастыру арқылы қосымша кіріс табуына мүмкіндік берілген», - дейді ол.
Министр өз сөзінде атап өткендей, Нұр-Сұлтанда жатақхана құрылысы бойынша әкімдік тарапынан субсидиялау енгізілген.
«Бүгінгі таңда 19 мыңнан астам орынның енгізілуін қамтамасыз ететін 43 жоба іске асырылуда. Аталған жобалар аясында ағымдағы жылдың өзінде жоспарланған 5 мыңның орнына 9196 орын енгізіліп, жоспар 184 пайызға орындалады деп күтілуде», - дейді ол.
Жатақхана құрылысы бойынша алдыңғы қатарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысы тұрса, ал СҚО, Ақтөбе, Түркістан облыстарында жұмыс қарқыны төмен болып отыр.
«Ағымдағы жылдың көрсеткішіне қол жеткізу үшін бірқатар жұмыс атқарылды. Дегенмен келесі жылдың жоспарының орындалуы алаңдатып отыр. Осыған орай келесі шараларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуді сұраймыз. Бірінші - өңірлерде барлық оқу орындары көрсетілген жатақхана салудың толық кестесін бекіту. Екінші - қымбат тұратын жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тоқтату. Үшінші - жер мәселесін оңтайлы шешу мақсатында мемлекеттік жоғары оқу орындарын коммерциялық емес акционерлік қоғам етіп қайта ұйымдастыру жұмысын жеделдету. Төртіншіден, осы жобаны іске асыру барысында сейсмикаға қатысты мәселелер көтерілді. Осыған байланысты нормативке сейсмиканы ескеретін коэфициентті қарастыру», - деді министр.
29 сәуір 2019 ж. 337 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области