Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы басталды

Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы басталды

Kyzylorda-News.kz. Елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы жұмысын бастады. Сессияға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан сессияға 1 500-ден астам адам жиналған. Олардың ішінде бүкіл өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.
Сессия соңында «Туған жерге тағзым» атты салтанатты концерт болады. Онда қазақстандық жас әншілер Ержан Максим мен Данэлия Төлешова ән шырқайды. Жалпы концерт «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» хореографиялық композициямен басталады. Оған «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі, «Рухсара» би ансамблі солистері, Қ. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры, «Наз» Мемлекеттік би театры, «Мәңгілік» би театры және шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» ансамблі қатысады.
Айта кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы қарсаңында Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен еді.
29 сәуір 2019 ж. 456 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области