Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Отандық жас әнші тойсыз-ақ қалай табысқа кенелуге болатынын айтты

Отандық жас әнші тойсыз-ақ қалай табысқа кенелуге болатынын айтты

Kyzylorda-News.kz. Әнші Серік Гамза-заде NURTV.KZ-тің "Клип Show"бағдарламасында тойда ән айтпай-ақ қалай табыс тауып жүргенін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.Бағдарлама жүргізушісі әншіден: "Табыс көзі деген дүние бар ғой. Осыған дейін менің бағдарламама келген кезде келіншегіңнің перзентханадан енді ғана шыққанын айтқан болатынсын. Осы тұрғыдан қаражат жағынан қалай? Әлде мәдениет саласының мамандарына кішкентай ғана дүние жетеді деп ойлайсың ба?", - деп сұрақ қойған.
"Расын айтатын болсам, жағдайым нашар немесе дүние жетпей жүр дей алмаймын. Аллаға шүкір, соңғы бір жыл ішінде жағдайым тұрақтанды деп айтсам да болады. Өйткені, мен қазір ән жаза бастадым. Ән сату бар және басқа табыс көзі де бар. Кішігірім өзімнің жасаған нәрсем бар. Содан табыс түседі.
"Ән сатамын" деген сөзді жек көрем деп бір әнші айтқан болатын. Бізде қай композитор әнді тегін беріп жатыр? Қазіргі таңда композитормын. Бұрын шығарған әнімді көрсетуге ұялатынмын. Сара Амангелдінің, "BN" тобының әні менікі", - дейді Серік Гамза-заде.
Бағдарлама жүргізушісі Серік Гамза-задеден: "Бағана түсірілімге дейін "Тойдың әншісі емеспін. Тойға сұраныс көп емес" деп жатырсың ғой. Сен айтып отырған әндер қазіргі қоғамға, жастарға қаншалықты қажет", - деп сауал қойған.
"Бірден түсіндіріп кетейін. Тойдың әнін айтпаймын деген себебім: тойдың әншілері жаман немесе кәсіби дегенім емес. Ертең ренжитіні бар. Халық түсінбейтіні бар. Тойдың әнін де бәлкім айту керек шығар. Тойда адам билеу керек, көңіл көтеру керек деген сияқты. Бірақ ондай әндерді өзімнің жаным сүймейді", - деді отандық әнші.
02 мамыр 2019 ж. 502 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области