Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қайрат Нұртаспен дуэт жазу үшін қанша қаржы қажет?

Қайрат Нұртаспен дуэт жазу үшін қанша қаржы қажет?

Kyzylorda-News.kz. Қайрат Нұртаспен бірге дуэт жазу үшін қалтаңыз қаншалықты қалың болу керек екені белгілі болды. Шоу-бизнес жұлдызының анасы хитменмен ән шырқаудың құнын жайып салды деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова жұлдызды ұлымен дуэт жазудың өте қымбат екенін айтты.
Алайда, продюсер кейде адамның жағдайы мен талантын ескере, жеңілдіктер жасалынып тұратынын алға тартты.
"Қымбат. 50 доллардан бастап, 80 долларға дейін ала аламыз. Бірақ біз оған келісім бермедік. Өйткені Қайраттың абыройы жоғалады.
Даусы жоқ болғаннан кейін, Қайраттың көзі соқыр ма? Әлде ақшаға бой алдырып кетті ме? деген сияқты әңгімелер жүреді. Сондықтан осы уақытқа дейін қасықтап жинаған абыройымызды шелекпен шаша алмаймыз.
Мүмкін жағдайы болмай, даусы мықты болатын шығар. Ол кезде біз ақшасына қарамаймыз. Ол кезде Қайраттың өзі алып шығады" , - деді әншінің анасы.
03 мамыр 2019 ж. 304 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области