Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Головкин өзіне жаңа бапкер тауып, атын "өзгертіп" тастады

Головкин өзіне жаңа бапкер тауып, атын "өзгертіп" тастады

Kyzylorda-news.kz. Головкиннің аты енді ағылшын тілінде "Gennady" деп емес, "Gennadiy" болып жазылады.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Абель Санчестен бөлек кеткеннен кейін өзіне жаңа бапкер алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
BoxingScene порталының журналисі Кит Айдектің мәліметінше, Головкин қандай шешім қабылдағанын төртінші мамыр күні таңертең ресми түрде жария етеді.
Айта кету керек, бұл күні оның бұрынғы қарсыластары – мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобс арасында жекпе-жек өтеді.
Сондай-ақ Кит Айдек Головкиннің аты енді ағылшынша "Gennady" (Геннади) деп емес, "Gennadiy" (Геннадий) болып жазылатынын атап өтті.
"Головкин туу туралы куәлігінде "Gennadiy" деп жазылғанын айтты. Дегенмен, бұл өзгерісті жасау үшін АҚШ-та жеті жыл жұдырықтасудың не үшін қажет болғаны түсініксіз", - дейді Айдек.
Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуірде Геннадий Головкин Абель Санчестен бөлек кететінін мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшыны тоғыз жыл жаттықтырған бапкер бұл ақпаратты растады.
03 мамыр 2019 ж. 315 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области