Заманауи адамға қажетті дағдылар
Мектепте ғылымдардың негізін ғана үйретсе, жоғары оқу орнында дайын мамандарды әзірлейді. Әлемнің ешбір білім беру мекемесінде күнделікті өмір үшін қажетті дағдылар үйретілмейді. Осыған байланысты танымал Reddit жүйесінің қолданушылары заманауи адамға қажетті дағдылардың тізімін жасап шығарды.
1. Тігуді үйреніңіз. Бұл, әсіресе, интернеттен арзан киімдерді сатып алуға құмарлар үшін пайдалы. Өйткені жейдеңіздің түймесін өзіңіз тігіп алсаңыз, біршама үнемдейсіз.
2. Алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйреніңіз. Өмірде не боларын болжап біле алмайсыз.
3. Қаржылық сауаттылық. XXI ғасырда қаржылық сауаттылығыңыздың болғаны өте маңызды. Тым болмаса базалық деңгейде үйреніп алуға кеңес береміз.
4. Интернеттің мүмкіндігін пайдаланыңыз. Әсіресе, Google жүйесін білу артық етпейді.
5. Қажет кезде тіс жармау. Көп сөйлеймін деп кейде артық айтып жатамыз. Осының алдын алыңыз. Қажет сәтте үндемей қалудың өзі - өнер.
6. Балаңыздың бойына сыни ойлауды сіңіріңіз. Сондай-ақ аспаздыққа, қаржыны үнемдеуге үйретіңіз. Бұл балаңыздың өміріне өте қажет болады.
7. Айлығыңыздың қалай есептелетінін біліп алыңыз. Қандай салық төлейтініңізді, айлығыңыздың қанша пайызы сақтандыруға кететінін анықтаған жөн. Одан кейін әр сағатта неше төленетінін есептеп, соған қарай айлығыңызды шығарыңыз.
8. Келіссөз жүргізе білу. Көлік не үй сатушылармен дұрыс сөйлесіп, саудаласып үйреніңіз. Қажет кезде «жоқ» дей білу керек.
9. Өзгелерді тыңдап үйреніңіз. Біреудің сөзін бөлген дұрыс емес.
10. Кешірім сұрай білу. Кез келген адам қателеседі. Сол себепті кешірім сұрау ұят емес.