Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бай және табысты адамдардың 18 дағдысы

Бай және табысты адамдардың 18 дағдысы

Бай болам десеңіз табысты адамдардың бірнеше дағдысын үйреніп алыңыз. Табыс пен байлықтың құпиясын жасырған дағдылармен танысайық.
1. Барлық проблемаларыңызды барынша қысқа мерзімде шешу, кейінге қалдырмау, созбау, ушықтырмау. Әдетте, проблеманың салдарын жоюдан гөрі оны бастапқы кезінде реттеуге аз күш-жігер кетеді. Қателесетін болсаңыз да шешім қабылдаудан қорықпаңыз, бұл ешқандай шешім қабылдамағаннан жақсы. Көп ойланып-толғанудан арылыңыз. Бір ой келсе, ол жайдан-жай келген жоқ, сылтау іздемей, мүмкіншілік жасаңыз. Бай болу үшін басқалардан көп еңбек ету керек, сонда ғана табысқа жетесіз.
2. Басқаға емес, өзіңе жұмыс істеу. Біреуге құл болғыңыз келмесе, өз игілігіңізге еңбек етіңіз. Сонымен бірге сүйікті іспен айналысуды жұмыс деп атауға болмайды.
3. Құндылық жасау. Әр түрлі тәсілдермен құндылық қалыптастырып, жинақтаңыз. Сізді қоршаған адамдар үшін өзіңіздің құндылығыңызды арттырыңыз. Айналадағылар үшін құнды тауарлар ғана өндіріңіз, сонда олар өздері Сізге қажетті ақшаны әкеп береді. Сыпайысынбай, тауарларыңыздың барлық құндылықтары мен пайдасын толық сипаттаңыз. Өзіңді-өзің мақтамасаң, ешкім мақтамайды.
4. Қызығушылық үшін жұмыс жасау. Жұмысқа ынта болмаса, онда мұндай жұмыс істеуге тұрмайды. Өзіңіздің қызығушылығыңыз, қажетті білім мен дағды алу үшін жұмыс жасаңыз. Өзіңізге жұмыс жасаңыз.
5. Биік мақсаттар қою. Бір айда 5 мың доллар табуды мақсат етіңіз. Одан аз қоймаңыз. Неғұрлым биік мақсат қойсаңыз, соғұрлым тез жетесіз.
6. Тіл тапқыштық. Ақшаны басқа кісілер алып келеді. Олармен араласыңыз, оларды қызықтырыңыз, сонда олар Сізге ақшаларын қуана тапсырады. Түнерген, тұйық адам болмаңыз, мұндай адамдардың бай болуы сирек кездеседі.
7. Өзіңізді жеңімпаздармен қоршау, байлармен араласу. Кедей адамдар төменге тартады, тәуекел ету мен пайда табудан айнытады, өйткені олар өздері пайда таба алмайды. Пайда таба алатындармен араласыңыз, олардың баға жетпес тәжірибесін сіңіріңіз, ол туралы мектеп оқулықтарында жазбайды. Кедейлер ортасында байларды жақсы көрмейді, жек көреді. Өзіңізді байлар мен оптимистермен қоршаңыз. Олар табысты және бай болуға көмек береді.
8. Жауаптылық алу. Кедейліктің серігі – жауапсыздық. Бай болғыңыз келсе, өзіңізге жауапкершілік алудан қорықпаңыз, одан жалтармаңыз, одан пайда табуды үйреніңіз.
9. Бизнес жасаңыз. Егер Сізде ақша аз болса, кәсіп жасаңыз. Егер Сізде мүлдем ақша жоқ болса, онда дереу, дәл қазір бизнес жасаңыз! Ой іздеңіз, оны бизнес жобаңа айналдырыңыз және инвесторлардың назарын аударыңыз.
10. Пассивті табыс келтіру жолын жасау. Сіздің қатысуынсыз ақша алып келетін пассивті кіріс көздерін жасау жолдарын іздеңіз. Пассивті табыс – ол Сіздің күш-жігеріңізге қарамастан келетін табыс. Өзіңіз тыным таппай еңбек ететін, барлық операцияны өзіңіз жасайтын кәсіпке бизнесті құрмаңыз. Сіз үшін Сіздің жұмысыңызды жасасын, ал Сіз рахаттана өмір сүріңіз.
11. Инвестициялау. Қаржы салу керек, бірақ оның көзін білу қажет. Барлық артықшылығы мен кемшілігін таразылаңыз, барынша көп ақпарат жинаңыз, проблеманы жете зерттеңіз, негізсіз тәуекелге жол бермеңіз. Тәуекел орынды болу керек, ал инвестициядан түскен кіріс шығысты жабу керек.
12. Бай және табысты адамдарды зерттеу. Олардың өмірбаяндарын, табысқа жету жолдарын, неден бастағандарын, қалай кеңейгенін зерттеңіз. Олар қалай ойлайтынын түсініп көріңіз де, солай ойлаңыз. Интернетте әлемнің ең бай адамдарының өмірбаяндары көп. Ең құрығанда, аса көрнектілерінің өмірбаяндарымен танысыңыз.
13. Өзіне сұрақ қою. Мынадай сұрақтар: «Мен кіммін?», «Мен неге бірегеймін?», «Менде 123 456 789 000 доллар болса, не істер едім?». Келген позитивті ойлардың күші мен энергиясын пайдаланып, оларды әрекет етуге, алға жылжуға бағыттаңыз.
14. Армандау. Арман – ең күшті алға жылжытушы. Армандаңыз және армандарыңыз орындалатынына сеніңіз. Бірақ, ешқашан қиялдамаңыз. Қиялдар жүзеге асырылуын талап етпейді, ал армандар талап етеді. Адам армандауды доғарғанда, даму мен алға жылжуды тоқтатады.
15. Жәрдемдесу. Шын жүректен көмектесіңіз. Бірақ, өзіңіз қалаған адамға ғана қол ұшын созыңыз. Үнемі көмек сұрайтындарға көмектеспеңіз. Ондай адамдар бөтеннің мейірбандығына арамтамақ болады. Көмек көрсетуді достарыңызбен және туысқандарыңызбен шектемеңіз. Мейілінше көп адамға көмек көрсетсеңіз, барынша көп адам Сізге жәрдемдеседі.
16. Мақтау. Комплимент жасаңыз, бұл Сіз айтқан адамның ғана емес, Сіздің де өзін-өзі бағалауыңызды арттырады. Табысты адам өзін-өзі жоғары бағалайды.
17. Күнделік жүргізу. Келген барлық ойларды жазып жүріңіз. Істеріңізді барынша егжей-тегжейлі жазыңыз. Күнделігіңізді алдағы бір айға толтырып қойыңыз. Бос парақ болмау керек. Сіздің ештеңе істемеуіңіз мүмкін емес. Күнделікке барлық жетістіктеріңізді, табыстарыңызды, сәтсіздіктеріңізді жазып жүріңіз. Оларды жадыңыздан шығармаңыз – бұл құнды тәжірибе. Реңіш табыстан гөрі 10 есе жиі еске түседі. Көңіліңіз болмаған кезде күнделікті ашыңыз да «Табыс» деген бағананы оқыңыз.
18. Берілмеу. Ешқашан берілмеңіз, әрекет етіңіз, бір орында тұрмаңыз, дамыңыз, ортаңызды дамытыңыз. Жоқшылықпен күресіңіз, кедейшілік – барлық адамдардың жауы, кім онымен жақсы күреседі, сол бай және табысты болады.

14 сәуір 2019 ж. 770 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области