Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордаға «Astana Musical» театры келді

Қызылордаға «Astana Musical» театры келді

Kyzylorda-news.kz. Жастар жылы аясында «Astana Musical» Мемлекеттік театры Қызылорда қаласына гастролдік сапарымен келді. Аталған өнер ұжымы сырбойылықтар үшін ерекше 3 туындыны ұсынып отыр. Бұл туралы Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Astana Musical» Мемлекеттік театрының әкімшісі Жұмажан Жұлқаш баяндады.

Қала тұрғындары 8-10 мамыр аралығында «Astana Musical» Мемлекеттік театрының қойылымдарын Н. Бекежанов атындағы қазақ музықалық драма театрында тамашалай алады. Театр репертуары үш қойылымнан тұрады: «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі, «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы және «Шәмші» мюзиклі.
«Astana Musical» Мемлекеттік театрының басты ерекшелігі - шығармашылық құрамының жүз пайызы жастардан құралған. Алғашқы кезеңде театрда отыз актер болса, қазір олардың саны елуге жетті.
Құрылғанына үш жыл болған жас театр осы күнге дейін «Қыз Жібек» мюзиклімен Берлин (Германия) –– Париж (Франция) – Вена (Австрия) -Брюссель (Бельгия) - Мәскеу (Ресей) бес мемлекетке гастрольдік турне жасады. Қазақстанның көптеген облыстарында гастрольдік сапарларда да болып, өнерсүйер қауымның ықыласына бөленді»,- деді Жұмажан Амандықұлы.
Тетрдың актеры Оразалы Игіліктің айтуынша, бірнеше күн бұрын Орал қаласында тұсауы кесілген «Шәмші» туындысын Қызылордалық көрермен жаңа форматта тамашалай алады. Режисерлық топтың жұмысы арқасында бір қойылым ішінде Шәмші рөлін 3 әртіс сомдамақ.
08 мамыр 2019 ж. 479 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области