Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қыздар ветеринария мамандығын неге таңдайды

Қыздар ветеринария мамандығын неге таңдайды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Үкімет басшысының атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутат Роман Кимнің айтуынша, соңғы жылдары ветеринария саласында біраз реформалар жасалды. Ауылды жерлерде жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 25 процентке көтерілді. Алайда аталған шаралардың нәтижесі шамалы.
«Әсіресе, ветеринар мамандарды даярлау мәселесі өзекті болып тұр. Бүгінде ауылдардың үштен бір бөлігі ветеринарсыз отыр. Ал ондай мамандар бар болса да, қағазбасты жұмыстан шыға алмай жатады, я болмаса, мүлдем кәсіби біліктілігіне сай келмейді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы да күткен нәтижені бермеді. Себебі жергілікті атқарушы органдардың тарапынан қажетті әлеуметтік қолдау шаралары болмады. Соның ішінде арнайы жәрдемақы мен баспана мәселесі бар. Осылайша, ауылдағы маман тапшылығы созылмалы ауруға айналып кетті. Соның салдарынан ветеринария қызметі өз міндетін толығымен орындамай отыр», - деді Р.Ким.
Оның сөзіне қарағанда, зерттеулер бойынша соңғы үш жылда жоғары оқу орындары 2 181 ветеринар маманды даярлап шықты. Соның ішінде 1388 адам - қыздар.
«Олардың көбісі басқа мамандыққа түсе алмағасын ветеринарияға тапсырған. Демек, «дипломды алсам болды» деген оймен келген. Сөйтіп, гранттар мамандықты іздеп келген адамдарға беріліп жатқан жоқ. Ондай түлектер оқуды бітіргеннен кейін ауылға жұмыс істеуге бармайды. Негізі, ветеринария бойынша бітіргендердің тең жартысы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Ал осы жолды шын көңілмен таңдағандар жергілікті жерде көптеген қиындықтарға тап болады. Ол - жалақының төмен болуы мен баспана мәселесі. Осылайша, мемлекеттік гранттардың саны көбейсе де, одан келетін пайда шамалы. Бір сөзбен айтқанда, бюджет ақшасын желге шашып жатырмыз», - деп атап көрсетті Р.Ким.
Осы орайда депутаттар ветеринария саласын дамытуға қатысты бірнеше ұсыныс жасады. Біріншіден, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысты арттыру қажет. Екіншіден, ауылда жерлерде мал мен құсты емдеумен айналысатын ветеринар мамандардың жалақысына қосымша ақы төлеу керек. Үшіншіден, жергілікті атқарушы органдар жас мамандарға барынша қолдау жасауы тиіс. Төртіншіден, депутаттар агроөнеркәсіп кешеніне қажетті мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру құзіретін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беруді ұсынды.

08 мамыр 2019 ж. 467 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области