Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Қанағат, бір-ақ миллион жетеді": Бақай мен Азия топтарының бір күндік гонорары қанша

"Қанағат, бір-ақ миллион жетеді": Бақай мен Азия топтарының бір күндік гонорары қанша

«Опмай, опмай» деп ән салған «Бақай» мен «Азия» топтары бір тойға шығу құнының қанша екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
«Бақай» мен «Азия» тобының бірігіп шығарған «Опмай, опмай» әні небәрі үш айдың ішінде хит шерулердің көшін бастап қана қойған жоқ. Сонымен қатар, youtube желісінде 35 миллион қаралым жинаған. Сұранысқа ие әннің арқасында топтың тойдан табатын ақшасы көбейген.
«Екі топқа екі-ақ миллион. Бәрі айта берсе, біз де айта береміз. Қанағат, бір-ақ миллион жетеді», - деді олар.
Бір күнде төрт тойға шақырылатын топтың уақыты да тығыз. Тойға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары жиі шақыратын көрінеді.
«Жаңа туынды шыға қалса, сынауға дайын тұрамыз. Неге соны көтермеске? Мен соған таңғаламын. Сынаудан көз ашпайтын болдық», - дейді «Бақай» мен «Азия» топтары.
Топ тағы бір жаңа туындысын халыққа ұсынбақ. Жаздың хит әніне айналады деп болжанған туынды «Атың өшкір кредит» деп аталады.
12 мамыр 2019 ж. 390 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области