Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әкімдер рейтингі: Көш басында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұр

Әкімдер рейтингі: Көш басында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұр

Kyzylorda-news.kz. «Top press» ақпараттық порталы сәуір айының қорытындысы бойынша әкімдер рейтингін түзді.

Сәуір айының нәтижесі бойынша өңірде өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны, инвестиция тарту, құрылыс жұмыстары және тұрғын үй беру мәселесі тұрақты сақталды. Соңғы жылдары аймақта мұнай-газ өндіру айтарлықтай төмендегеніне қарамастан аймақ басшысы аталған салалардың қарқынды өсуіне барлық мүмкіндікті жасады.
Жыл басынан бері аймақ экономикасына 84 млрд теңге тартылды. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 20,4 процентке артты (республикада – 8,9 процент). 126 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, өңір мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру бойынша көшбасшылар қатарында. Аймақта әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы 150 отбасы үшін «Баламекен» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жоба аясында аталған отбасылар облыстық бюджет және меценаттар есебінен тұрғын үйге қол жеткізеді.
Ең бастысы, өңірде нан ең төменгі бағамен - 60 теңгеден сатылуда.
15 мамыр 2019 ж. 360 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области