Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бүгін Мархабат Жайымбетовтің туған күні

Бүгін Мархабат Жайымбетовтің туған күні

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетовтың туған күні.

Ол 1965 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданының Аранды ауылдық кеңесінде туған.
1984 жылы Қызылорда политехникумының ауыл шаруашылығын электрлендіру факультетін техник-электрик мамандығы бойынша; 1989 жылы Волгоград ауыл шаруашылық институтының ауыл шаруашылық электрификациясы факультетін инженер-электрик мамандығы бойынша; 2004 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кәсіпорындағы экономика және басқару факультетін инженер-экономист мамандығы бойынша; 2006 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының біліктілік арттыру курстарын бітірген.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару» бағдарламасын тыңдаған, Аризона штатындағы Йорк университетінің экономика және менеджмент бойынша PhD докторы.
Қызмет жолын 1989 жылдан «Басагрожөндеумаш» жөндеу-механикалық зауытының №2 цехінің энергетигі болып бастаған. 1992-93 жылдары Қызылордада энергия-механикалық учаске бастығы, 1993-98 жылдары «Южнефтегаз» МАҚ Құмкел терең бұрғылау пайдалану экспедициясының (ҚТПБЭ) инженер-энергетигі, 1998-2000 жылдары бұрғылау нысандары және күрделі жер асты жөндеуі жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, 2000-05 жылдары «Петро Қазақстан Қүмкөл Ресорсиз» ААҚ энергетика бөлімі мен өндірісті автоматтандыру цехының бастығы.
2005-2008 жылдар аралығында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы. 2008-2010 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2010-2013 жылдар аралығында Қызылорда қаласының әкімі. 2013-2014 жылдар аралығында Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі лауазымын атқарды. 2014-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.
2015 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымын атқарды. 2016 жылғы шілдеден 2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы лауазымын атқарды. 2017 жылғы 12 сәуірден Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы лауазымын атқарады. 2019 жылғы ақпаннан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
17 мамыр 2019 ж. 448 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области