Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары тұрақты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Тілеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы тағайындалды.
Мұрат Тілеумбетов 1963 жылы 5 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1985 жылы Жамбыл гидро-мелиоративтік құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
М.Тілеумбетов еңбек жолын 1985 жылы «Қызылордақұрылыс» тресінің 4 санатты жұмысшысы болып бастаған.
1985-2010 жылдар аралығында «Қызылордақұрылыс» трестің шебері, цех шебері.
1988-1989 жылдары Қызылорда қалалық ЛКСМ комитетінің хатшысы, «Қызылордақұрылыс» тресінің шебері, инженер-жабдықтаушы, «Айбек» шағын кәсіпорнының директоры.
Алматы «Интертич-Кезнар» шағын өндірістік кәсіпорнының Қызылорда қаласы бойынша өкілі.
«Ақ маржан» АҚ филиалының «Реалбаза» директоры, вице-президенті, жетекші маманы, бөлім бастығы.
2010-2012 жылдары Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
Отбасылы.