Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық азамат сирек мамандықты кәсіп етіп жүр

Қызылордалық азамат сирек мамандықты кәсіп етіп жүр

Kyzylorda-news.kz. Кәсіпке қызығушылық білдірген студенттер Нұрәлі Амановқа келіп, шеберліктің қыр-сырын меңгеріп жүр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Жаңақорған ауданының тумасы Нұрәлі Аманов есімді шебер мешіт күмбезін жасаумен айналысады.
Ол бұған дейін Төменарықтың Әл-Хақ, Шалқия, Қыраш, Жаңаауыл, Құттықожа ауылдарының мешіттеріне күмбез орнатқан болатын. Енді Кейден ауылынан да тапсырыс түсіпті. Орташа күмбездердің биіктігі 4,5 метр, диаметрі 5 метрден болады. Қазіргі жасап жатқан күмбезінің киіз үй секілді қанаты 32-ге жетеді. Оның әрқайсысын асықпай иіп, кіріктіріп, дәнекерлеу ұзақ уақыт алатыны түсінікті. Дегенмен, дәнекерлеу жұмысымен 15 жылдан бері айналысып келе жатқан Нұрәліге тапсырыс түсуі тегіннен емес. Ол бұған дейін кент тұрғындарының сұрауымен есік-терезе, қақпа секілді темір бұйымдарды қазақтың әсем ою өрнектерімен жасап келеді. Жаңақорғандағы №125 мектепті бітірген соң Шымкент агротехникалық колледжінің дәнекерлеу мамандығын таңдады. Себебі, әкесі Құрбан да темірден түйін түйетін ұста, автомеханик болса, анасы Ұлтуар бармағынан бал тамған аспаз. Ата-анасынан көрген-білгенін жалғастырған Нұрәлінің жасаған бұйымдары тұрғындардың көңілінен шығуда.
«Өзім қазақылықты ұнатамын. Салт-дәстүрді құрметтеймін. Сондықтан үнемі қазақтың ою-өрнегін, қара шаңырағын әрлеу жұмысына қосамын. Бізге агро-колледжден жыл сайын шәкірттер келіп, шеберлік сынып өткізеді. Жуырда 10 студент келіп, дәнекерлеуден тәжірибесін арттырып, кәсіпке деген қызығушылығын білдірді. Әрине, біз мұндай алға ұмтылып үнемі ізденетін жастарды қолдаймыз», – дейді.

23 мамыр 2019 ж. 342 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области