Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 26 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

26 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

1918 жылы Закавказье федерациясы үш тәуелсіз республика: Грузия, Армения және Әзербайжанға бөлінді.

1947 жылы КСРО-да өлім жазасы алынып тасталды (1950 жылы өлім жазасын тағайындауға мораторий алынды).

1938 жылы «Фольксваген» бірінші зауытының іргетасы қаланды. «Фольксваген» концернінің тарихы 1934 жылдан басталады. Германияның билік басына енді келген Адольф Гитлер неміс халқы үшін шағын болса да, сенімді әрі арзан автомобиль жасап шығару туралы міндет қояды. Бұл іс танымал неміс конструкторы Ф.Поршеге сеніп тапсырылды. Бірнеше жылдан кейін бірінші «халықтық автомобильдің» («volk» - халық, «wagen» - автомобиль) бірнеше түрінің жобасы әзірленеді. Фюрер олардың біреуін мақұлдаған. Халықтық автомобильдің жаппай шығарылуы үшін 1938 жылдың 26 мамырында Германияның Вольфсбург қаласында «Фольксваген» ірі көлік зауытының құрылысы басталды. Гитлер зауыт іргетасының бірінші кірпішін өзі қалайды. Көп ұзамай «Volkswagenwerk GmbH» фирмасы құрылды.

2000 жылы
Шымкентегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимараты алдына Мұхтар Әуезовтің ескерткіші орнатылды.

2013 жылы Apple компаниясының ең алғашқы шығарған компьютерлерінің бірі бәссаудада рекордтық 668 мың долларға сатылды.
26 мамыр 2019 ж. 371 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области