Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша елімізде екінші орында

Қызылорда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша елімізде екінші орында

Kyzylorda-news.kz. Ұзақ мерзімге жалға берілген спорт алаңдары мен мектеп асханалары. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынатын студенттік жатақхана. Бұл Қызылордада жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөнінде өткен семинар барысында айтылған жобалардың бір бөлігі. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Сыр өңірінде студент жастарға арналған жатақхана құрылысы басталып кетті. Қос нысан жыл соңына дейін қолданысқа берілмек, деп хабарлайды Astanatv.kz.

Қызылорда облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын іске асыру бойынша елімізде екінші орында тұр. Өлкеде жеке балабақшалар мен денсаулық сақтау нысандары көп салынған. Енді жергілікті кәсіпкерлерге өзге де бағыттардың өрісін кеңейту ұсынылып отыр. Оларға жекеменшік мектептерді дамыту, спорт алаңдары мен мектеп асханаларын ұзақ мерзімге жалға алып жаңғырту секілді межелі міндеттер жүктелуде. Студенттер жатақханасының құрылысы да өзектілер қатарында.
«Қызылорда облысының қазіргі таңда жүзеге асырайын деп жатқан жобаларына тоқтай кетсек, бұл екі студенттік жатақхана. Осы екі студенттік жатақхана салу арқылы мына қалалық колледж студенттерінің жатақханаға деген сұранысын жауып тастауға болады. Облыстық бюджетке ешқандай бір ауыртпашылығы болмайды. Және де бұл мүлік жекеменшікте қалайын деп тұр», - дейді Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының атқарушы директоры Талғат Тұрсынбаев.
Әкімдік өз кезегінде 8 жыл бойы жатақхананы студенттермен толтыруға уағдаласып отыр. Ал мектеп жанындағы спорт алаңдарын кәсіпкер кешкі уақытта жалға береді немесе ақылы секциялар өткізу ісін жүзеге асыра алады. Білім ошақтарындағы асханаларға да осы тектес жүйе ұсынылды. Яғни, жалға алушы мұғалімдер мен оқушыларды ақылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету арқылы ақша табады.
«Республика бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының орташа табысы 10-15 пайыз. Сондықтан біз мұны түсіне отырып, конкурстарда 15 жылға, 10 жылға жеке серіктестікке келісім-шарт береміз. Ең көбі 30 жылға дейін болуы мүмкін», - дейді Талғат Тұрсабаев.
Кәсіпкерлер үшін әлі күнге кепілзат мәселесі шешімін таппай келеді. Әсіресе шалғайдағы мүлікті банктер бағаламақ түгілі, қарастырмайды. Бүгінгі семинарда "Даму" қорымен бірлесе отырып, "Сырдария" өңірлік бағдарламасын қайта жаңғырту сөз болды.
«Сырдария» өңірлік бағдарламасын жалғастыру жайлы бір ұсыныс болды. Екі жарым жыл жұмыс істеген бұл бағдарлама өте нәтижелі болды. 530 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Біздің екінші ұсынысымыз нақты кепілдік беру құралын белсенді дамыту еді. Мәселен, кәсіпкердің кепілдігі жетпей қалған жағдайда. Бұл, негізінен жалпы республикалық проблема. Көбінесе екінші деңгейлі банктер шалғай аудандардағы кәсіпкерлер мүлкін кепілдікке ала алмайды немесе алғысы келмейді», - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров.
Жақында өткен ұлттық инвесторлар форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті тиімді қолдауды тапсырды. Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қолайлы іскерлік ортамен қамтамасыз етуді, қаржыландыру, бәсекелестікті қорғау және дамытуды ұсынған еді.

28 мамыр 2019 ж. 394 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области