Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы: Жаңа кен орындарын барлау қажет

Қызылорда облысы: Жаңа кен орындарын барлау қажет

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Үкімет отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың 2022 жылға дейінгі Кешенді даму жоспарын таныстырды. Аталмыш жоспар 12 бағыт, 119 іс-шарадан тұрады.

Кешенді жоспарда өнеркәсіпті дамыту мәселелері де бар.
Бүгінде өңірде өндірілетін мұнайдың 80 пайызына дейін елдің ішкі нарығында нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады. Осыған байланысты Қ.Көшербаев жер қойнауын пайдаланушыларға мұнай өндірісін неғұрлым тиімді шарттарда жүзеге асыруды ұсынды.
"Бұл өндірілген өнімді сату кезінде операторлар тапқан табыстарының бір бөлігін жаңа кен орындарын барлау мен бұрғылауға, сондай - ақ жаңа технологияларды енгізуге бағыттауға мүмкіндік береді", - деді Қ.Көшербаев.
Бұдан басқа, "Оңтүстік-Торғай", "Сырдария" және "Шу-Сарысу" ойпаттарында жаңа кен орындарына барлау жүргізу ұсынылды.
Аймақ басшысы бүгінгі таңда Қызылорда облысында қолданыстағы мұнай кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай бұрғылау 1,5-2 мың метр тереңдікте жүргізілетінін атап өтті. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген кен орындарында 5 мың метрден аса тереңдікте бұрғылауды жүзеге асыруды ұсынды.
"Ол үшін тиісті геологиялық зерттеулер жүргізу қажет", - деді облыс әкімі.
Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және даму қарқынын арттыру мақсатында облыстың өзекті мәселелері қаралды. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы-Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2022 жылға дейін облысты дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған еді.
Өңірді дамытудың кешенді жоспары құны 219,7 млрд.теңге болатын 119 іс-шарадан тұрады. Кешенді жоспар 12 бағытты қамтиды.Олар - өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлікті дамыту, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, экология және табиғатты пайдалану, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, спорт, су тасқынына қарсы іс-шаралар, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
28 мамыр 2019 ж. 447 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области