Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қорқынышты қалай жеңуге болады?

Қорқынышты қалай жеңуге болады?

Кейбір кішкентай балалар үйде жалғыз қалғанда, қараңғыда жүргенде, ұйықтар алдында қорқып жылайды. Бұл әдет өсе келе жоғалмаса, есейгенде қорқып жүрген қызық көрінуі мүмкін. Кейбір жандар «Артымда біреу тұрғандай» болады деп, қабырғаға арқасын беріп, жар жағалап кетеді. Мұны қалай түсінеміз?
Қорқыныш – адамның әлсіз тұсы. Тырс еткен сыбдырдан қорқып, кереует астына тығылатын, үйдің барлық жарығын жағып қоятын таныстарыңыз болса, оларға күле қараудың қажеті жоқ. Ал оларға көмектесіп, олардың алдаудың қажеті бар.
Кішкентай балаларды алдап, олардың неден қорқатынын, тіпті қорқынышын параққа бейнелеуін сұрап, біліп алуға болады. Ал ересек адам қорққаны күлкілі көрінеді. Қорқыныштың алдын алу үшін сіз қорқатын нәрсені айналып өту керек немесе қорқынышты алдау керек. Қалай дейсіз бе?
Егер үйде жалғыз қалсаңыз, үйіңізге құрбыңызды шақырыңыз не оның үйіне барыңыз. Не болмаса, үйде отырып, құрбыңызбен Skype желісімен не телефонмен сөйлесіп жүріп кино көріңіз, сүйікті асыңызды әзірлеңіз, бастысы жалғыз емеспін деп есептеңіз. «Жалғыз емеспін, бұл үйде менен басқа бөтен біреу жүр» деген оймен «ауырмаңыз». Бұл «біреу» – қорқыныш.
Қараңғыдан қорықсаңыз, үйдің бар жарығын жағып қойып, көңілді ән тыңдаңыз, комедия жанрындағы сүйікті фильміңізді көріңіз. Төсек орныңызды дайындап, кітап оқыңыз, көзіңіз шаршаған уақытта тез ұйықтап кету үшін бір әдіс деп түсініңіз.
«Табиғат аясына шыққым келмейді, жәндіктер көп қой» дейтін құрбыңыз үшін мына бір кеңесті оқып көріңіз. Оған білдірмей жәндіктер туралы күлкілі фильм көрсетіңіз. Қазір кино жанрында мұндай фильм не мультфильмдер жетіп артылады. Құмырсқадан қорықса, «Құмырсқа адам» фильмін, бақадан қорықса, «Ханшайым мен бақа» мультфильмін, арадан қорықса «Би муви» мультфильмін, жәндіктерден қорықса, «Антз» мультфильмін бірге көріңіздер. Фильм аяқталған соң, «Міне, көрдің бе, олар мынадай, олар бұлай жасамайды» деп, жәндіктерге деген қорқынышын жеңуге көмектесіңіз.
Фильмдегі елес, аруақ, қансорғыш деген секілді жағымсыз образдардан қорқасыз ба? Кино біткеннен кейін астында титр жазулары шығады, иә? Режиссері, продюссері, рөлдерде деген тізімдерді адам есімдері толықтырып тұрады. Демек, бұл образдарды бейнелейтін сіз секілді он екі мүшесі бар адам. Одан қорқатын түгі де жоқ. Бұл образдар да сіз секілді адамның ойынан пайда болады. Қорықпаңыз.
Қорыта келе айтарымыз, қорқынышты қандай жолмен де жеңуге болады? Қорыққанға қос көрінеді, бұл қосты өзіңіз жасап аласыз. Мұны да ұмытпағайсыз.

01 маусым 2019 ж. 594 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области