Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша көш бастап тұр

Қызылорда облысы ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша көш бастап тұр

Kyzylorda-news.kz. Облыс сумен қамтамасыз етудің бірыңғай операторы құрылған алғашқы аймақ болып табылады. Сондай-ақ, Қызылорда облысы елдімекендерді сумен қамту бойынша республикада екінші орында (Алматы облысы - 89%, Қызылорда облысы - 83%), бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында айтылды.

Аталмыш отырыста республика бойынша сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ауылдық елдімекендерді сумен қамтамасыз ету көрсеткіші жоғары болып тұрған Алматы және Қызылорда облысы әкімдіктерінің тәжірибесін атап өтті.
"Ауыз сумен қамтамасыз етуде жоғары пайызды көрсеткен әкімдіктердің жұмысын атап өткен жөн, бұл Алматы облысы - 89%, Қызылорда облысы - 83%", - деді А.Мамин.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинның айтуынша, Қызылорда облысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде бірқатар жетістікке қол жеткізген.
"2017 жылдың маусым айына дейін Қызылорда облысында оқшау ауыз су жүйесін пайдаланатын 10 мекеме жұмыс істеді. Алайда осы мекемелер тұтынушыларды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ете алмады. Себебі, жергілікті жерде кәсіби мамандардың тапшылығы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, арнайы техникаларының болмауы, төмен және әр түрлі тарифпен сумен жабдықтау жүйесін дұрыс пайдаланбауға әкелді. Сондықтан облыстағы "ҚазСуШар" мекемесі "Арал" филиалының материалдық-техникалық әлеуетін пайдалану үшін, аудандардағы локалды су беруші мекемелерді Филиалдың теңгеріміне беріп, республикада алғаш болып өңірде Бірыңғай оператор құрылды", - деді М.Усаин.
Бірыңғай оператор құру нәтижесінде бірқатар маңызды көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мәселен, тәулік бойы су алатын ауылдық елдімекендер саны 88-ден 145-ке дейін көбейді, оқшау (локалды) су пайдаланушыларға бірыңғай тариф бекітілді (386,95 теңге/м3), материалдық-техникалық базасы жақсарды, бастысы тұтынушылардан түсетін арыз-шағым азайды.
«Бүгінгі күнге облыста 235 елдімекен бар. Оның ішінде, үшеуі қалалық (Қызылорда, Арал, Қазалы), ал 232 ауылдық елдімекен. Қалалық елдімекендердегі халықтың 98 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Ауылдық елдімекендердің 83 пайызы топтық су құбырлары және су тарату жүйесі бар скважиналар арқылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, 427,8 мың адамды немесе ауылдағы халықтың 97 пайызын қамтиды. Сонымен қатар, 39 елдімекен немесе 16,8% орталықтандырылмаған жүйеден (оқшау скважиналар, құдықтар, тасымал арқылы) су тұтынуда. Бұл негізінен халқы аз ауылдар және онда су жүйесін салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз», деп атап өтті М.Усаин.
Естеріңізге салайық, Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарға әлеуметтік маңызы бар жалпы құны 29 млрд.теңгені құрайтын сумен жабдықтау және су бұрудың 14 жобасы енгізілді. Осы жобалар іске асқан кезде 111 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады (2019 жылы 3 жоба - 8 мың адам; 2020 жылы 4 жоба - 2 мың адам; 2022 жылы 5 жоба - 101 мың адам).
04 маусым 2019 ж. 537 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области