Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » ЕЛІМІЗДЕН ӘЗЕРБАЙЖАНҒА АСТЫҚ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ 1 МЛН ТОННАҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ЕЛІМІЗДЕН ӘЗЕРБАЙЖАНҒА АСТЫҚ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ 1 МЛН ТОННАҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ


    Қазақстаннан Әзербайжанға тасымалданатын астық экспортының көлем жылына 1 млн тоннаға жеткізілмек, деп хабарлайды 24Хабар. Қос ел үкіметі арасында осындай уағдаластық бар. Осыған орай енді Әзербайжанмен бірлескен «Баку астық терминалы» халықаралық тасымалдау жобаларына қосылады. Қазақстандық астық Каспий теңізімен 12 жылдан бері осы терминал арқылы  экспортталып келеді. Ал жаңа бағыттарға қосылу - кешен әлеуетін арттырмақ.
    Терминал Қазақстан және Әзербайжан үкіметтерінің қолдауымен 2006 жылы құрылған. Мұндағы мақсат - қазақстандық астықтың экспортын тұрақтандыру және Әзірбайжанды бидай өнімдерімен қамтамасыз ету. Қазір қазақстандық астық Актау теңіз айлағынан осы терминал орналасқан Говсаны елді мекеніне жеткізіледі. Мұнда Әзербайжан нарығына ұн тартатын диірмен де бар.  
    Ержан Баймұхаметов, терминал басқармасы төрағасының орынбасары:
    - 15 мың тонна бидай өнімдерін уақытша сақтауға мүмкіндік беретін заманауи құрал-сайманмен жабдықталған. Тәулігіне бір жарым мың тонна астық қабылдай алады, яғни жылына шамамен 300 мың тоннадай астық өткізіп жүр. Тәулігіне 150 тонна, ал жылына 50 мың тоннадан аса ұн өндіреміз.
    Терминал аймақта екі елдің бірігіп жүзеге асырып жатқан халықаралық тасымал жобаларына белсенді түрде араласады. Мәселен, биыл Солтүстік-Оңтүстік бағдары, Баку-Тбилиси-Карс темір жолының мұмкіндіктерін пайдаланып, Түркия мен Таяу Шығыс нарықтарына қазақстандық астықты шығару көзделіп отыр.
    Ержан Баймұхаметов, терминал басқармасы төрағасының орынбасары:
    - Терминал арқылы бидай өнімдерінің экспортына қатысты, әрине біз «Азық-түлік корпорациясымен» бірге жұмыс істейміз. Ол бидай дақылдарын Әзербайжанға экспорттайды. Бір бөлігінен ұн өндіреміз. Терминалымыз арқылы Иранға астық шығаруға мүдделі Әзербайжан және Ресей  трейдерлерімен де бірге қызмет істеп келеміз.
    Жалпы Әзербайжанға жылына үш-үш жарым мың тонна астық қажет. Былтыр 2016 жылмен салыстырғанда бұл ел астық импортын 20 пайызға азайтқан. Былтырғы жылдың аяғында екі елдің үкіметаралық комиссиясы отырысында тараптар қазақстандық бидай экспортын жылына бір миллион тоннаға жеткізуге уағдаласқан.

12 наурыз 2018 ж. 590 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области