Қазақстанның жарқын болашағы үшін әрбір азаматтың пікірі өте маңызды - Мемлекет басшысы
Kyzylorda-news.kz. Саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы өте маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Сондықтан бұл жеңіс - халқымыздың жеңісі. Біз бір ел болып, халық болып, Қазақстанның алдағы даму жолын бірге айқындадық. 9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірі біз үшін өте маңызды. Өйткені халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі - біздің ең баксты құндылығымыз», - деді Қ.Тоқаев.