Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы қол қойған заңның бірі – "2006 жылдың 3 қазандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы Қазақстан - Ресей шекара маңындағы аумақ тұрғындарының шекараны кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң.
Енді Қазақстан-Ресей шекара маңында орналасқан қалалар мен ауылдардың тұрғындары мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде бұрынғыдай тіркеу кітабын емес, мекенжай анықтамасын көрсетеді.
Қазақстанның ішкі заңнамасында азаматтарды тіркеу кітабының күшін жоюына және мекенжай анықтамасын енгізуіне орай, аталған келісімге тиісті өзгерістер енгізілген болатын.
Екіншісі – «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы.
Бұл құжатты Энергетика министрі Қанат Бозымбаев парламентте таныстырған болатын.
11 қазан 2019 ж. 718 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области