Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Назарбаев жапон императорының таққа отыру рәсіміне қандай киім киген? (ФОТО)

Назарбаев жапон императорының таққа отыру рәсіміне қандай киім киген? (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Нұрсұлтан Назарбаев жапон императорының таққа отыру рәсіміне қатысуда, деп хабарлайды Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.
Шараға қатысу үшін Назарбаев қара классикалық фрак және ақ көбелек-галстук таңдаған.
Сондай-ақ, Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияда қандай көлікпен жүргенін көрсетті.
Айта кетейік, 21 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония үкіметінің шақыртуымен Токиоға барды. Ресми мәліметтер бойынша шараға 2 мыңға жуық қонақ шақырылған, олардың ішіндегі 400 адам - 180 елдің мемлекет басшылары мен өкілдері болып табылады.
Сәуірде Жапонияда император Акихитоның тақтан кету рәсімі өтті. Ол елді 30 жыл басқарды, бұл кезең елде Хэйсэй (бейбітшілік орнауы) деп аталады. Оның орнына ханзада Нарухито келді. Жаңа басқарушының кезеңі Рэйва деп аталады, оны «әдемілік пен гармония» деп атайды.


22 қазан 2019 ж. 457 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области