«ПАВЛОДАР – КЫЗЫЛОРДА» ТАСЖОЛЫНДАҒЫ АПАТТАН БІР АДАМ ҚАЗА БОЛЫП, ТӨРТ АДАМ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ
Жуырда «Павлодар-Кызылорда» тасжолында екі автомобиль соқтығысып қалды, деп жеткізеді patrul.kz порталы.
Nissan Sunny автомобилін Оңтүстік-Қазақстан облысының 46 жасар тұрғыны басқарған, ал Toyota автосының тізгінінде 55 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны болған.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Nissan жүргізушісі сол жерде мерт болды.
«Екі көлікте болған 19, 21, 66 және 82 жастағы жолаушылар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді павлодарлық ІІД-інің баспасөз қызметі.
Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.