Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БҚО АУМАҒЫНА ШАР ТӘРІЗДЕС МЕТАЛЛ БӨЛШЕГІ ҚҰЛАДЫ

БҚО АУМАҒЫНА ШАР ТӘРІЗДЕС МЕТАЛЛ БӨЛШЕГІ ҚҰЛАДЫ


Батыс Қазақстан облысы аумағына 5 шілдеге қараған түні шар тәріздес металл бөлшегі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отты шардың құлағанын жергілікті тұрғындар көрген. Белгісіз нысан Жалпақтал-Қарасу жолынан 300 метрдей жерге, Жұлдыз ауылы маңына түскен.
Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретдин Құтқожин аудан аумағына металл бөлшегінің түскенін растады. Оқиға орын алған бойда өрт сөндіру қызметкерлері дер кезінде жетіп, тиісті шараларды алды.
Адам немесе мал шығыны жоқ. Металл түскен жерге жақын елді мекен 16 шақырым қашықтықта орналасқан.
«Қазіргі кезде облыс орталығынан келген төтенше жағдайлар мен экология мамандарынан құралған арнайы комиссия оқиға болған жерге келіп, жұмыс жасауда. Алдағы уақытта анықталғаннан кейін қосымша мәлімет берілетін болады», деді Н.Құтқожин.
Облыстық ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, сағат 01.15-те Қазталов ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақмай маңында 47 га, Ыбырайда 48 га жерде құрғақ шөптің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Шөптің жануы сағат 04.00-де сөндірілді. Оқиға орнында 1 техника мен жеке құрамнан 4 және ерікті өрт жасағынан 10 адам жұмыс жасады.
05 шілде 2018 ж. 763 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области