Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бүлдіршіндер сынға түсті

Бүлдіршіндер сынға түсті

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Балапан жұлдыз» атты аудандық байқау өтті.

Байқауға ауданға қарасты балабақшалардан өнерлі тәрбиеленушілер қатысты.
Бала шығармашылығын дамыту, өнерге жақын талантты бүлдіршіндерді үлкен байқауларға қатысуына жол ашу мақсатында ұйымдастырылған шара үш кезеңнен тұрды. Балабақша тәрбиеленушілері бірінші кезеңде «Мен елімнің мақтанышымын» тақырыбында өздерін таныстырса, екінші кезеңде «Мен елімді сүйемін» атты патриоттық әндерді орындады. Ал соңғы кезең бойынша «Мен жұлдыз боламын» тақырыбында танымал өнер иелеріне пародия жасады.
Байқау нәтижесінде аудандық «Жас қанат» балабақшасының бүлдіршіндері Нұрай Темірбек бас жүлдені иеленсе, Кәусар Ержанқызына «Сахна еркесі» номинациясы табысталды. Белсенді балалардың топ ішінен үздік шығуына еңбек сіңірген балабақша әдіскері Меруерт Қайратқызы, жетекшілері Жансая Нұрғали, Жадыра Доларестің еңбегін ерекше атап өтуге болады.
23 шілде 2019 ж. 512 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области