Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Бас киімдер шеруі - 2019» байқауы өтті

«Бас киімдер шеруі - 2019» байқауы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада балабақша бүлдіршіндері арасында «Бас киімдер шеруі – 2019» байқауы өтті.
Байқау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткізілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқауға биыл 9 балабақшадан 9 бүлдіршін қатысты.
Балдырғандар бұл сайыста өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ байқаудың соңғы кезеңінде түрлі тақырыптағы бас киімдерден сән үлгісін көрсетті. Атап айтар болсақ, бүлдіршіндер «Ұлы даланың жеті қыры», «Цифрлы Қазақстан», «Қызғалдақ» атауындағы бас киімдерді киім, көрермендердің көзайымына айналды.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Алтын ұя» балабақшасының тәрбиеленушісі Айзере Ботабаева иеленді. Ал ІІ орынды №3 «Қарлығаш» балабақшасынан келген Қоныс Арслан қанжығасына байлады. «Балапан» балабақшасының намысын қорғаған Амина Рүстемова мен «Нұр Орда» балабақшасының бүлдіршіні Амина Болатбек ІІ орынды өзара бөлісті.
Байқауда қалған қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды.

24 сәуір 2019 ж. 870 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области