Келін – ененің топырағынан
Қызылордада ене мен келіндер байқауы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының қолдауымен, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Ізет. Иба. Парасат» атты қалалық ене мен келіндер байқауында енесі мен келінінен құралған 11 жұп бақ сынасып, байқау талабына сай өнер көрсетті.
Байқауды ашып берген қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жақай Бодықбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, бұндай байқаулардың жұртқа үлгі болатынын, тәрбиелік мәні зор екенін айтты.
Қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсіп, өздерінің жан-жақты дайындықтарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде К.Әмзеева мен Г.Құрымбаеваларға бұйырды. Жүлделі бірінші орынды А.Пазылова мен А.Арыстанбековалар еншілесе, екінші орынды Қызылжарма ауылынан келген Б.Ермағамбетова мен келіні Қ.Абдуллаева иеленді. Ал, үшінші орынды А.Байділдаева мен Қ.Жанғабылова алды.