Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда Шәкизада Құттаяқовты еске алу шарасы өтті (фото)

Қармақшыда Шәкизада Құттаяқовты еске алу шарасы өтті (фото)

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында «Қаламына қанат біткен...» атты белгілі журналист қаламгер Шәкизада Құттаяқовты еске алу кеші өтті.

Шәкизада Ізтілеуұлы еліміздің баспасөз қызметінің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан, талмай тер төккен кем-кетік дүниелерді ақиқат таразысына салып, әділдіктің жақтаушысы болған дарынды журналист болды. Ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде бас сарапашы, Қазақ ақпарат агенттігінде директордың орынбасары, Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Баспасөз қызметінің басшысы қызметтерінде абырой биігінен көріне білді.
Мәні де маңызы да жоғары кеште аудан әкімі Сұлтан Мақашов сөз алып, Шәкизада Ізтілеуұлының қаламгерлік қырлары мен тұлғалық келбетіне, шығармашылық өмір жолына тоқталды.
Еске алу кешінде бас қосқан қаламдас аға-інілері, әріптестері, ғалымдар мен өлкетанушылар, туысқандары естеліктермін бөлісті. Ал ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып, даңқын асқақтатып отыратын, ескірмейтін, мәңгі жасайтын белгі – кітап.
Осы ретте кеште Шәкизада Ізтілеуұлының «Сәлиманың көктемі» атты қайта басылып шыққан туындысы оқырманға жол тартты. Ғұмырлық еңбек жолында адамгершіліктің үлгісі болып, парасат пен пайым тереңдігін, мінез байлығы мен жүрек мейірімін өз ортасына, жан-жағына өнеге еткен арда азамат, қаламы жүйрік журналист Шәкизада Құттаяқовты жерлестері осылайша еске алды.

16 тамыз 2019 ж. 393 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области