Қармақшыда Тұңғыш Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі өтті
Қармақшыда Қазақстан Республикасының Президенті - Тұңғыш Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Аудан тұрғындары Елбасының еңбектері, жазбалары туралы көрмемен танысты. Сондай-ақ, жалпы жобасын мақсаты айтылды. Бүгінде орталықта 11 мыңнан астам экспонаттар сақтаулы. Соның 1000-нан астамын Сыр еліндегі көшпелі көрмеден тамашалауға болады.

"Біздің көрмеміз 2-3 ай Сыр елінде жұмыс істейді. Облыстың тұрғындары қызығушылық танытады деп білемін. Көрме аясында ғалымдар, орталықтың мамандары экспонаттардың тарихын айтып, жақыннан таныстаратын болады. Сіздерге Елбасының Қызылорда еліне келген іссапарларының фотосын архивтен жинақтап алып келдік",- деді Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов.
Қазіргі кезде кітапхана деген ұғым тек кітаппен ғана шектеледі. Осы көрме арқылы Елбасының қолмен жазған хаттары, наградалары мынды құнды дүниелерді көруге болады. Еске сала кетейік, көшпелі көрменің салтанатты ашылуы 8 сәуір күні облыс орталығында өтеді.