Қызылордада «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» тақырыбында көшпелі көрме басталды
Бүгін Сыр елінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті-Елбасы кітапханасының жылжымалы көрмесі бастау алды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Шиелі ауданының Мәдениет үйінде «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясы аясында өткен шарада 1000-нан аса экспонаттар қойылды. Жоба Қызылорда облысында екі ай көлемінде жалғасатын болады. Аталған көрмеге облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, Елбасы кітапханасының директоры Ә.Рахымжанов және Шиелі ауданының әкімі Ә.Оразбекұлы қатысты.

"Көрме бұл тарихи миссия деп айтуға болады. Елбасы дегенде біздің көз алдымызға сонау қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған - 1991 жыл елестейді. Мінекей , сол кезеңдерде біз өз алдымызға Елбасының бастамасынмен дамудың даңғыл жолына түскен кезде алдымызға төрт бірдей міндет қойдық. Ең бірінші, тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалау, нарықтық экономиканы қалыптастыру, әлеуметтік-бағдармалық қоғам құру, қоғамдық ойды қайта жаңғырту. Осы уақытқа дейін жыл сайын Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында да біз осы мақсатқа бағыт алып келеміз",-деді Р.Рүстемұлы.
Екі ай көлемінде өтетін көрмеде өңірдің тұрғындары еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірімен жақын танысатын болады. Көрме - Тұғыш Елбасының тәуелсіздік жылдары жасаған еңбегі мен жанқиярлық ерлікке толы саяси жолын жете насихаттайды. Жастарды отаншылдыққа тәрбиелейді деген сенім бар.