Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда «Жанкент» фольклорлық ансамблі құрылды

Қазалыда «Жанкент» фольклорлық ансамблі құрылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жанкент» фольклорлық ансамблі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл игілікті іс Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында қолға алынып отыр.
Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық клубында өткен «Мәдениеттің бастауы - клубтардан» атты семинар барысында фольклорлық ансамблінің тұсаукесері жасалды. Ансамбль өнерпаздары алдағы уақытта қазақтың өнерін, ән мен күйін дәріптеуге көңіл бөлетін болады.
Мәдени басқосуға облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы директорының орынбасары Рая Ділімбетова қатысып, өнерпаздар шығармашылығын жоғары бағалады. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев пен Өркендеу ауылдық округінің әкімі Нәби Үргенішбай сала қызметкерлеріне өз тілектестігін білдірді.
Семинар барысында ауылдық кітапхана қызметкері Несібелі Нұрадин Оғыз мемлекетінің Жанкент шаһарының тарихы жайында баяндады.

06 қыркүйек 2019 ж. 365 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области