Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада "Қорқыт және Ұлы Дала сазы" фестивалі өтіп жатыр

Қызылордада "Қорқыт және Ұлы Дала сазы" фестивалі өтіп жатыр

Kyzylorda-news.kz. Кеше фестивальге қатысушы қонақтар алдымен облыстық тарихи-өлкетану музейі, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан қала тарихы музейі және "Рухани жаңғыру" орталығына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Шара А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Тұран – түркі есігі, Қорқыт - жырдың бесігі» атты өнерпаздар концертіне ұласты.

Шараның екінші күні облыстық мекемелер үйінде «Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциямен жалғасады. Жастар ресурстық орталығында «Түркі әлемін тоғыстырған Сыр елі» атты түркітілдес елдер жастарының пікір алмасуы өтеді. Сол күні кешке «Достық үйінің» алаңында «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі болады. Ал шараның соңғы күнінде қаладағы оқу орындары мен облыстық филармонияда өнерпаздар шеберлік дәрістерін көрсетеді. Түскі үзілістен соң құрметті қонақтар Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» ескерткіш кешеніне барады. Ол жерде Сыр елі қолөнер шеберлерінің ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі және «Алтыбақан» жастар ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Кешке фестивальдің салтанатты жабылу шарасы болады.
2006 жылдан басталған өнер фестиваліне Түркия, Иран, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақ¬станнан 150-ге жуық өнерпаз бен фольклортанушы ғалымдар қатысуда.

20 қыркүйек 2019 ж. 667 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области