Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Пушкиннің 220 жылдығы аталып өтті

Қызылордада Пушкиннің 220 жылдығы аталып өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы Достық үйінде Александр Пушкиннің 220 жылдығына арналған «Пушкинді оқу және құрметтеу» атты театрландырылған қойылым өтті.
Достық үйінің фойесінде облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасы мен А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханасының әзірлеуімен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханасының қорындағы 118 жылдан бері сақталған 1901 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Русские поэты» кітабы, облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасының қорындағы 1926, 1928, 1935 жылдары жарық көрген «Пушкин хаттары» кітабының түпнұсқасы мен көшірмелері қойылды. Бүгінгі күні облыстық әмбебап кітапханасында Ұлы ақынның 394 аталымы, 728 данасы сақталған.
Қойылым аясында Пушкин бейнесі сомдалды. И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің оқушылары қойылым көрсетті. Мұнан соң «Я вас любил..» өлеңіне арналған романс көрсетілімі болды.
Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектептің оқушылары екі дәуірдің диалогын құрды. Ал, «Абылай хан» колледжінің студенті Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін оқыды. Пушкиннің өлеңдерінен музыкалық шығармалардың ғажайып топтамасын жасаған композитор Георгий Васильевич Свиридовтің «Пушкин вальсіне» М.Мәметова гуманитарлық колледжінің студенттері вальс биледі.
Кеш соңында «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова театрландырылған қойылымға қатысып, белсенділік білдірген колледж, мектеп ұстаздары мен жастарына алғысын білдіріп, марапаттады.



11 желтоқсан 2019 ж. 382 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области