Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр аруы америкалықтарды тамсандырды

Сыр аруы америкалықтарды тамсандырды

Kyzylorda-news.kz. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда өңірінен шыққан Сон Яна есімді жерлесіміз шетелдіктерді тамсандырды. Қалай дейсіз бе? Сыр перзенті Сон Яна Американың Оклахома штатындағы UCO университетде білім алады. Бүгінде 3-курс студенті. Оқуда озат Янаның ұлты басқа болғанымен, қазақ халқына деген құрметі ерекше. Мұның дәлелі, ол жуырда ғана оқу орнында өткен арулар байқауында ұлтымызды ұлықтап, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, үздіктер қатарынан көрінді. Сахнада қазақтың ұлттық биі «Қамажайды» билеп, сан жылдық мәдениет, әдемілік пен шеберлікті ұштастырған өнерімізге көпшілікті сүйсіндірді.
Жерлесіміздің айтуынша, сұлулар сынға түскен сағатта ерекше толқыныста болыпты. Себебі, көрермендер ұзақ уақыт қошемет көрсетіп, таңданыстарын жасырмаған. Соның нәтижесінде қазақстандық ару топ жарып, І орын иемденген.  Айта кетейік, шетелде ұлттық өнерімізді танытып, салт-дәстүрді дәріптеген Сон Яна Қызылорда қаласындағы №198 мектептің түлегі.
13 желтоқсан 2019 ж. 419 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области