Қызылордада қобызшылар ансамблі құрылды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың Қорқыт мұраларын насихаттауға арналған 5 жылдық кешенді іс-шаралар жоспары аясында Қызылорда облыстық филармониясында Қобызшылар ансамблі құрылды.2020 жылдың қаңтар айында облыстық филармониясының көркемдік кеңесінің тыңдауы өткізіліп, ансамбль ақпан айының алғашқы күнінен өз жұмысын бастап кетті.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері, қобызшы Пұсырманова Салтанат Сухамберліқызы.

























