Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » САЗДЫ ӘУЕНІ ЖҮРЕКТЕРДІ ТЕРБЕГЕН...

САЗДЫ ӘУЕНІ ЖҮРЕКТЕРДІ ТЕРБЕГЕН...


    Ән әлемінде өз қолтаңбаларын қалдырған, талай әуезді әндердің авторлары қызылордалық Талғат Нағашыбаев пен Сәкен Шынымов – ән сүйер қалың елдің ыстық ықыласына бөленген талантты композиторлар. Олар өз жандарынан жүрегіңді шуаққа бөлейтін жағымды әуездерді шығарып, Сыр жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүр. Балалар шырқайтын әуендер өте сыршылдық пен нәзіктікті қажет етеді.  Балақайлардың жүрегіне жол тауып, нәзік иірімдермен баурап алатын сазды әлемнің сиқырын терең меңгерген қос талант иесі бұл бағытта да ән шеберлері атанған. Бүгінде өз істерінің маманы  қас талант иелері өнерлерінің арқасында елдің алғысына бөленіп жүр.
    Бүгін облыс орталығындағы №264 мектеп-лицейде Халықаралық композиторлар конкурсының лауреаты Талғат Нағашыбаев пен ұстаз-композитор Сәкен Шынымовтың балаларға арнап жазылған әндерінен авторлық ән кеші болып өтті.
    Салтанатты шараға композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Тайманов, педагогика ғылымының докторы, балалар ақыны Рахат Наурызбаева, белгілі композитор Сәбит Ұлықпанұлы, Қорқыт ата мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Бахытхан Абдикаримов қатысты.
    Шығармашылық кештің төріндегі қос өнерпаз бүлдіршіндердің орындауында өз әндерін тыңдап, көрерменнің ықыласына бөленді. Кеш соңында өнер өлкесіндегі шоқтығы биік еңбектері еленген қос талант иелері Қорқыт ата мемлекеттік университетінің «Үздік түлек» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, оларға облыс, қала әкімдіктерінің, облыстық кәсіподақ, мәдениет, білім басқармасы тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

28 ақпан 2018 ж. 1 035 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области