Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ТОМИРИСТІҢ» ТАБЫСЫ

«ТОМИРИСТІҢ» ТАБЫСЫ


    Би өнері – әлемнің рухани елшісі деп бекер айтылмаған. Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Шара Жиенқұловадан бастау алған өнер бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Бүгінде ұлт руханиятының сүбелі зор саласына айналған би өнерімен айналысатын тұтас ұжымдар бар. Солардың қатарындағы «Томирис» би ансамблі де қазақ өнерінің өрістеуіне елеулі еңбек сіңіріп келеді. Соңғы жылдары облыстық филармония  ұжымы гастрольдік сапармен сырт елдерге жиі шыға бастады.  Жарты әлемге қазақтың жауһар өнерін насихаттауда «Томирис» би ансамблін ерекше атап өтуге болады. Би ұжымы  халықаралық және республикалық байқауларда еліміздің абыройын асқақтатты. Репертуарында  80-нен астам би бар. Оның басым бөлігі ұлттық би. Өнер ұжымының көркемдік жетекшісі Гүлбану Мырзабаева  би арқылы алдымен қазақтың болмысын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін көрсетуге баса мән беретінін жеткізді. Тіпті, ансамбль Американың талғампаз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті.  2014-2015 жылдары өнер ұжымы Түркия елінде өткен түркітілдес елдердің Ұлыстың     Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған өнер фестиваліне қатысып, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының арнайы дипломымен марапатталды. Мұнан кейін АҚШ-тағы Нью-Йорк және Вашингтон сахналарында ұлттық би өнерін орындап, талғампаз көрерменнің  қошеметіне бөленді. Ондағы халық  ерекше ілтипат білдіріп, қазақ елінің салт-дәстүріне қызығушылық танытқандар сан алуан сұрақ қойып, қазақ биінің ерекше иірімдеріне таңғалыстарын жасырмапты. Сондай-ақ, би ұжымы Ресей, Татарстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия елдерінің сахналарында  қазақ биін орындады.
    Жалпы «Томирис» би ансамблі 2001 жылы филармонияның сол кездегі директоры, өнер жанашыры Сәрсенкүл Ибрашеваның бастамасымен құрылды.  Алғашқыда би тобының құрамы аз болыпты. Қазіргі күні онда 20 хореограф-биші бар.  Бәрі де кәсіби мамандар. Ансамбльдің жетекшісі әрі бас балетмейстері Гүлбану Мырзабаева би тобының ансамбль болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Би ұжымы басты мақсат – Сыр елі би өнерінің деңгейін көтеру, ұлттық би нақышын жоғалтпау және заман ағымына сай жаңаша әрлеу бағытында табысқа жетіп келеді.  
    Халықтық би дәстүрінің әлем сахналарынан көрінуі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан өнерлі ұжымның еңбегі ерен. Репертуары күннен күнге ұлғаюда. Қоржында жеке концерттік қойылымдар ғана емес, жеке би спектакльдері  де бар. Ансамбль еліміз бойынша өтетін барлық мәдени, мерекелік концерттердің және шет елдерде өтетін ауқымды шаралар мен сайыстардың, байқаулар мен фестивальдардың белсенді қатысушысы.  Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалі, халықаралық «Бұраң бел», Ш.Жиенқұлова атындағы республикалық би байқауларында топ жарып жүрген ұжым би өнерінің хас шеберлерімен де тығыз байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс жасауда.
    Би ансамблінің алдағы жоспары көп. Жақында олар халықаралық би күніне орай концерт беруді жоспарлап отыр. Оған қызу дайындық үстінде.

27 наурыз 2018 ж. 1 407 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области