Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «QYZYLORDA OPEN-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛДЫҚ БИ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«QYZYLORDA OPEN-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛДЫҚ БИ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


Қызылодада алғаш рет облыс әкімінің Кубогы үшін «QYZYLORDA OPEN-2018» халықаралық балдық би турнирі өтті.
  Турнирге ТМД елдері Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстаннан және республиканың өзге облыстары Астана, Тараз, Шымкент, Қарағанды т.б. қалаларынан 500-ге жуық адам қатысты. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР ұлттық билері кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған турнир Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 2 ғасырлық мерейтойына арналған. Ұйымдастырушы – облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Қатысушылар 5-25 жас аралығында. Алғаш боп алаңға кішкентай бишілер шықса, онан кейін жасөспірімдер мен ересектер өнерлерін көрсетті. Сайыскерлердің өнерін Қазақстан және ТМД елдерінің білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы, барлығы 24 төреші бағалады. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға барлығы 199 медаль табысталды. 69 жұп алтын медаль иеленсе, оның 27 қызылордалық бишілер жеңіп алды.
Жүлдегерлер иеленген 84 күміс және 46 қола медальдың 45 күмісі және 16 қола медаль қызылордалықтарға бұйырды. Командалық есепте жүлде саны бойынша Қызылорда облысы көш бастады. Шымкент және Тараз командалары екінші және үшінші орындарды иеленді. Украинаның қатысушылары 6 медальға ие болды, оның ішінде көрермендерді таң қалдырған Н.Коваленко және С.Лагутаның өнерлері "алтынға" бағаланды. Ресей қатысушылары 4 медальға ие болды, ерекше көзге түскен М.Максимов пен К.Тараканов алтын медаль иеленді. Өзбекстан командасының қоржынында 6 медаль, оның ішінде түрлі категорияда өнер көрсеткен А.Самойленко, А.Иванов, А.Чепчикова 4 алтын медальға қол жеткізді.






02 сәуір 2018 ж. 671 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области