Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАНАПТЫҢ БІР САПАРЫ

МАНАПТЫҢ БІР САПАРЫ


Бұл оқиға 1960-70 жылдар шамасында болған еді.
Сәуір айының екінші жартысының соңғы аптасы. Дүйсенбі күні аудандық мәдениет бөлімі бастығы Мавжуда Бегалиева барлық автоклубтарға жолдама бөлді де, №1 автоклуб осында қаласың деді.
– Сонымен №1 автоклуб қызметкері Жарқынбек Нұрсұлтанов жолдас, саған тапсырылатын жұмыс өзіңмен бірге қызмет етіп жүрген №1 Қызыл отау меңгерушісі Манап Көкеновты облыстық мәдениет басқармасына апарып, алып қайтасыз. Іс-сапар мерзімі 3 күн, ал есепші жолдас, екі адамға жол қаржысын дайындаңыз, - деді. Бастық айтты, оған сөз бар ма, орындау керек. Сейсенбі күні Қызылорда қайдасың деп таңертең ертелеп №17 «Москва-Бішкек» пойызымен қалаға жетіп бардық. Облыстық мәдениет басқармасында барлық ауданнан ақын-жырау дегендері жиналмай, бір-екі күн кешеуілдеп, жиналысы да екі-үш күнге созылып, қайтатын кез болды.
Манап ағамыздың қайтып келе жатқанда маған түсіндіргені, Асқар Тоқмағанбетов те болыпты. Ол кісінің нұсқағаны: «айтыскер ақын көп тыңдап, аз сөйлеу керек. Сөйлегенде ойды жинақы, қысқа ғана тұжырымды сөйлеу керек деп кеңес берді», - деді.
Москва мен Ташкент аралығына қатынайтын жолаушылар пойызы жүрерге жарты сағат қалғанда жетіппіз. Кассаға кезекке тұрып екі билет купеге ақыры қолым жетпеді. Біз ауданнан шыққанымызға да он шақты күн өтіп, сәуір айының аяғы да болып қалыпты. Студенттер, оқушылары бар, басқа да қайтатын жолаушылар бар, әйтеуір мейрам кезінде жолаушы жүргендер көп.
Жолсерік: «билеті бар адамды ғана аламын», - деп тұр.
Домбыраны алып, түрегеп тұрып, «Аспазымды» бастап жібердім.
Қайырмасы:
Аспазым-аспазым, аптикарім.
Мехнатім-мехнатім, касмикарім – деп мен өлеңін тез айтып болдым.
Мәкең:
– Тоқтатпай қайтала!, – деді. Мен осы өлеңді екінші қайталадым. Екінші қайталағанда байқағаным, біздің жанымыздан өтіп бара жатқандар тұра-тұра қалып бізге қарап қалыпты. Тағы бір байқағаным, Мәкең домбыра қорабын босқа ұстап тұрмай, мен қайырмасын айтып тұрғанда, домбыра қорабын барабанша не кепшік қаққандай ән ырғағымен ұрып тұрыпты.
Өлеңді екінші айтып бола, Мәкеңе қарадым. Сол кезде арқамнан жолсерік қыз келіп:
– Қайда барасыз? – деді.
Жаңақорғанға барамын, – дедім өзбекше.
Жолсерік: – вагонға шықың» – деді.
– Жалғыз емеспін. Укам бар.
– Укаң ям мінсін.
Мәкеңді алдымен вагонға кіргізіп, соңынан өзім міндім.
Жолсерік өзінің купесіне кіргізіп, бір шәйнек шай берді. Қасындағы серігіне бірнәрсе деп ымдады. Серігі келгенше пойыз да жүріп кетті. Сәлден соң ораулы нәрсені серігіне берді. Жолсерік бір күлше нан мен Қазақстан коньягін ашып, шай мен қоса стаканды ды ұсынды. Мен Мәкеңе бердім. Не керек, бір конякті жолсерік үшеуміз бөлісіп, көңілденіп қалдық.
Мәкең:
– Ал Жақа! Домбыраңды қолыңа ал, - деді.
Мен: Мәке, дарияның жанынан құдық қазба дегендей, енді өзіңіз бастаңызшы, - деп ем.
Мәкең: – Жақа, азанда болған Жақаң кешке жарамай ма? – деді. – Осы сенің «Попурриің» бар емес пе еді? Соны айт.
Ылаж жоқ. Орындауға кірістім.
Алдымен «Бозторғайым», қырғыздың «Жылқышы» әні, татардың «Алты ат ждектім аванға», орыстың «День рождения», осы сияқты біразын айтып, Нұрғисаның «Аралдағы жеңешесін» орындап болғанда, Жаңақорғанға да жетіп қаппыз. Енді ойласам, соншама жолаушының ішінен бізді пойызға мінгізген де, пойыз үстіндегі бізге көрсетілген құрмет пен қошемет те өнердің арқасы екен ғой.

Жарқынбек НҰРСҰЛТАН.
25 тамыз 2018 ж. 720 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области