ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР
Елбасы Н.Назарбаевтың «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», - деген сөзі бар. Еліне қызмет еткен арда азаматтар Сыр елінде аз емес. Сондай есімі елеулі жандарды еске алу шаралары Жосалыда өтті.
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы және Қармақшы ауданының 90 жылдығы мерекесі аясында аудандық мәдениет үйінде өңірімізге белгілі азаматтар Қорғанбек Мықаев, Рабиға Сүлейменқызы және Бодан Мықаевты еске алуға арналған бірқатар танымдық шаралар өтті.
Шара барысында ардақты тұлғаларды еске алуға арналған арнайы түсірілген деректі фильмнің тұсауы кесіліп, «Еңбекпен өрілген өмір» атты облыстық жыраулар фестивалімен жалғасын тапты.
Жыраулар фестивалінде Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов құттықтау сөз сөйлеп, балалары мен ұрпақтарына лебізін білдірді.
Фестивальға облыстық деңгейдегі жыр жампоздары – Берік Саймағанбетов, Шолпан Бимбетова, Арнұр Көшеней, Балтабай Бедебаев, Майра Сәрсенбаева, Айдос Рахметов, Руслан Ахтметов және де басқа белгілі жыраулар қатысты.
Сондай-ақ, шара аясында Жосалы кентінде ұлттық спортымыз бәйге (аламан бәйге, құнан бәйге, тай бәйге), Қазақша күрес (түйе палуан), қой көтеру жарыстары өткізілді.
Ат жарыс аламан бәйге Шиелі ауданының шабандозы Сайлау Нұр жүлделі бірінші орынды (ат иесі Махмудов Ерсұлтан) жеңіп алды.