«ЖАС ОТАУ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
А.Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде жас отбасылар арасында «Жас Отау» атты облыстық байқау өтті.
Байқауды облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен ҰҚК Шекара қызметі 2019 әскери бөлімі ұйымдастырды.
Айта кетейік, аталған байқау Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық және әлеуметтік дамуының негізі болып табылатын отбасы мен отбасы құндылықтарын, отбасының жағымды бейнесін көпшілік арасында кеңінен насихаттауға бағытталып отыр.
Бұған қоса, өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуында отбасылық құндылықтардың ролін нығайтуды, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениеті мен салттарын сақтауға ықпал етуді көздейді.
Байқау нәтижесімен Ахметовтер отбасы «Салт-дәстүрді сақтаған отбасы», Саидхасановтар отбасы «Өнерлі отбасы», Дәулетбаевтар отбасы «Шебер отбасы», Ибраевтар отбасы «Тапқыр отбасы», ал Наурызбаевтар отбасы «Белсенді отбасы» номинацияларымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.