Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қауіпсіз жаз» акциясы аясында веломарафон өтті

«Қауіпсіз жаз» акциясы аясында веломарафон өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Қауіпсіз жаз» акциясы аясында веломарафон өтті. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Оған Қызылорда облысы ТЖД және оған қарасты бөлімшелердің 50-ге жуық қызметкерлері белсенді қатысты. Шараны Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов ашып, марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Веломарафон «Суда құтқару станасы» ғимаратынан бастау алып, «Сыр Ана» ескерткіші кешенінде мәреге жетті.
Марафонның қатысушылары Сырдария өзенінің жағалауын тазалауға атсалысып жатқан «#Birge #TazaQazaqstan» қалалық экологиялық акциясының қатысушыларына, Қызылорда қаласының тұрғындарына, еріктілерге, қоғам қайраткерлеріне, облыс белсенділеріне «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбындағы жадынамаларды таратты.
06 тамыз 2019 ж. 400 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области