Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Жаңақорғанда белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Kyzylorda-news.kz. 24-25 тамыз күндері Жаңақорған ауданында Жастар жылына орай 1999-2000 жылы туылған жастар арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Дүбірлі бəсекеге еліміздің облыстарынан 200-ге жуық спортшы 14 салмақ дəрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Жарыс нəтижесінде қараша айында Қазан (Ресей) қаласында өтетін Əлем чемпионатына спортшылар іріктеледі. Сондай-ақ, Қазақстан жеңімпазы атанған спортшыға Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы беріледі.
Қызылорда облысының намысын 23 спортшы (16 ұл, 7 қыз) қорғайды.
Жарысты еліміздің Мəдениет жəне спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасы, Жаңақорған ауданы əкімдігі, облыстық белбеу күресі федерациясы бірлесіп ұйымдастырып жатыр.
24 тамыз күні сағат 9.00-де жарыс басталса, 12.00-де салтанатты ашылуы өтеді.
Ал, 25 тамыз күні сағат 10.00-де ақтық сайысты тамашалай аласыздар.
22 тамыз 2019 ж. 575 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области