Қызылордада отырып ойнаудан ҚР чемпионаты аяқталды
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада отырып ойнау волейболынан ҚР чемпионаты өз мəресіне жетті.
Үш күнге созылған ел чемпионатында Қызылорда командасы жүлделі екінші орынды иеленді.
Бірінші орынды Атырау, үшінші орынды Ақтөбе облысының командалары еншіледі.
Ел чемпионатының "Ең жас ойыншысы" номинациясымен қызылордалық, 13 жасар Ерасыл Əбдібек марапатталды.
"Допты ойынға қосушы" - Алмат Манабаев (Қызылорда), "Үздік тосқауылшы" - Асхат Кушеков (Ақтөбе), "Үздік шабуылшы" - Пердебай Намұратов (Атырау) ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға диплом, медаль, кубоктар табысталды.