Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық спортшылар республикалық паралимпиадалық ойындардан 38 медаль иеленді

Қызылордалық спортшылар республикалық паралимпиадалық ойындардан 38 медаль иеленді

Kyzylorda-news.kz. Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында ҚР V жазғы Паралимпиадалық ойындары өтті.

Дүбірлі додада Қызылорда облысының паралимпиадалық құрама командасы табысты өнер көрсетіп, 38 медаль иеленді. Оның 27-і алтын, 4-уі күміс, 7-уі қола медаль.
Республикалық Паралимпиадалық ойындардың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қызылорда облысының командасы жүлделі 17 команданың арасынан 4-орынға ие болды.
Жекелей есеп бойынша жеңіл атлетикадан Бекжан Зулбулхарұлы, Бахытбек Нұржанов, Виктор Гуревнин 100 жəне 400 метр, Даяна Федосова 100 метр, Мейіржан Мақшат 1500 метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальдарды жеңіп алды.
Бағдат Елібаев пен Мейіржан Мақшат 400 жəне 800 метр қашықтыққа жүгіруден бірінші болып келсе, Ислам Салимов күміс жүлдеге ие болды.
Даяна Федосова мен Бақберген Қолғанат ұзындыққа секіруден жеңімпаз атанса, Ислам Салимов күміс жүлдені иеленді.
Даяна Федосова мен Виктор Гуревнин 200 метр қашықтыққа жүгіруден 1-орынды жеңіп алса, Бағлан Елібаев 3-орынды еншіледі.
Виктор Гуревнин жеңісіне орай ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Сондай-ақ, Бақберген Қолғанат пен Еламан Жоламан найза лақтырудан мықты екендіктерін дəлелдесе, Еламан Жоламан диск лақтырудан үздік атанды.
Алмасбек Сейтенов найза мен диск лақтырудан қола жүлделерге қол жеткізді.
Пауэрлифтингтен Кабира Асқарова (-50 келі), Станислав Шакиев (-65 келі), Айгүл Байжанова (-79 келі) жəне Ляззат Жакупова (-86 келі) алтын, Қуаныш Əлиасқаров (-54 келі) күміс, Фариза Төлжан (-50 келі) мен Қуаныш Амангелдиев (-65 келі) қола жүлделерді иеленді. Фариза Төлжан ҚР спорт шебері нормативін орындады.
Парадзюдодан 66 келі салмақ дəрежесінде Олжас Оразалыұлы чемпион атанса, 73 келіде Азамат Тұрымбетов 3-орынға ие болды.
Сонымен қатар, мылтық атудан Сағатбек Сиюов қола жүлдені еншіледі.
Отырып ойнау волейболынан облыс құрамасы күміс жүлдегер атанды.
19 қыркүйек 2019 ж. 380 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области