Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық жеңіл атлеттер халықаралық турнирден 6 медаль иеленді

Қызылордалық жеңіл атлеттер халықаралық турнирден 6 медаль иеленді

Біріккен Араб әмірлігінің Шардж қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан лицензиялық халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Дүбірлі бәсекеде қызылордалық спортшылар 6 медаль олжалап, қараша айында Дубайда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Жарыс нәтижесінде Қолғанат Бақберген ұзындыққа секіруден, Ислам Салимов 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіруден күміс жүлдеге ие болды.
Найза лақтырудан Еламан Жоламан қола жүлдені еншілесе, 800 метр қашықтыққа жүгіруден Бағдат Елібаев күміс жүлдегер атанып, рекорд жаңартты. Ол 400 метр қашықтыққа жүгіруден 3-орынды иеленді.
Енді спортшылар 22-27 ақпан аралығында Дубайда жеңіл атлетикадан өтетін лицензиялық турнирге қатысады.



22 ақпан 2019 ж. 551 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области