Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жеңіл атлетикалық манеж қайта жаңғыртудан өткізілді

Қызылордада жеңіл атлетикалық манеж қайта жаңғыртудан өткізілді

Қызылорда қаласында ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жеңіл атлетикалық манеж қайта жаңғыртудан өткізіліп, спортшыларға тарту етілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов манеждің ашылуымен құттықтап, облыс тұрғындарына қызмет көрсететін спорт нысандарының санының жылдан жылға артып келе жатқандығын, бұқаралық спортпен шұғылданушылар қатарының көбейгендігін айтып өтті.
Жеңіл атлетикалық манеждің көлемі – 700 шаршы метр. Төрт жолақты жүгіру жолы, 60 метрге дейін жүгіру алаңы бар. Сонымен қатар, манежде әуесқой жеңіл атлеттерге арналған арнайы клуб жұмыс жасайды.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде жеңіл атлетикамен 500-ге тарта спортшы шұғылданады. Былтырғы жылы №4 облыстық олимпиадалық резерв мектебінен триатлон бөлімшесі ашылып, қазіргі таңда 40 спортшы шұғылдануда. Бұл спорт орталығында жеңіл атлетика, қазіргі бессайыс, триатлон спорт түрлерімен шұғылданатын спортшылар және жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар оқу-жаттығу процесін, жиындарын өткізеді, жарыстарға тыңғылықты дайындығын жүргізеді.
Жетістіктерге келетін болсақ, облыс жеңілатлеттері жыл басынан бері ҚР чемпионаттарында 63 медальға ие болды.
Биылғы жылы Жапонияның Гифу қаласында жеңіл атлетикадан өткен Азия чемпионатына Азамат Құлдас пен Светлана Саунина, Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласындағы жасөспірімдер жазғы Олимпиада ойындарында Галина Панасенко қатысып, шеберліктерін шыңдады.
Сондай-ақ, қазіргі бес сайыстан жерлесіміз Анастасия Кочеткова Азия Кубогының иегері атанды.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Ислам Салимов, Еламан Жоламан, Қолғанат Бақберген, Нұрсұлтан Көлдеев ҚР чемпионаттарында, халықаралық жарыстарда еліміздің абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

09 желтоқсан 2018 ж. 633 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области